Инфрақұрылымның дамуы

СҚО-ның облыс орталығындағы қалалық базар 740 млн теңгеге жаңғыртылады

Петропавлда СҚО басшысы Ерік Сұлтанов қала нысандарын аралау барысында «Алтын арман» базарында болды.
Солтүстік Қазақстан25 Қаңтар , 16:02

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, нарықтың жалпы сауда алаңы 23 мың шаршы метрді құрайды. Бірнеше жыл қатарынан кәсіпорын республика бойынша үздік болып танылып жүрген болатын. Соңғы гран-приді 2012 жылы «Сауда үздігі» кәсіпкерлер сайысында алған болатын.

Бүгінде базардың павильонында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс өткен жылдың мауысым айында басталды, жоспар бойынша ақпанның аяғында бітіру көзделген.

«Ерік Сұлтанов нысанның жаңғыртылуымен танысты. Жобаның жалпы құны – 740 млн теңгеден жоғары. Павильонның қайта жөнделуінен бөлек дүңгіршіктерді орналастыру жүргізілуде. 200 тұрғызылды», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика