Ұлттың денсаулығы

Ақмола облысының балуаны Қазақстан чемпионы атанды

Грек-рим күресі бойынша Қазақстан чемпионатында ақмолалық спортшы Батухан Шырақбаев 61 келі салмақта алтын алқаға ие болды.
Ақмола25 Қаңтар , 18:59

Грек-рим күресі бойынша  Қазақстан чемпионатында ақмолалық спортшы Батухан Шырақбаев 61 келі салмақта алтын алқаға ие болды.

Ақтық жарыста есеп Нұрлан Тұрғанға қарсы 5:5 болатын, соңғы балды Шырақбаев иеленді, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».

Айта кетейік, Ақтау қаласында біріншілік басталды, ол 2015 жылы Қазақстан чемпионатының жоспарына енгізілген болатын. Ол 23 жасар спортшылар арасында өтеді. Ақмола облысының намысын 12 спортшы қорғайды.




Яндекс.Метрика