Адамзаттық капитал

Қызылордада 30 жетім және мүмкіндігі шектеулі бала материалдық көмекке ие болды (Фото)

Қызылордада ұйымдастырылған акция барысында орта білім ұйымдарында үйден оқитын білім алушылар мен мүмкіндігі шектеулі 25 балаға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 5 жетім балаға қолдау көрсетіліп, арнайы әзірленген бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Қызылорда 25 Қаңтар, 17:38

Облыс әкімдігінде хабарлағандай,  «Нұрлы жол» қоғамдық қоры және Қызылорда қалалық білім бөлімі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт, ішкі саясат бөлімдері арасында арнайы меморандумға қол қойылды.

Шарада қала әкімінің орынбасары Роза Аяғанқызы Боханова, қалалық білім бөлімінің басшысы Марат Жайылханұлы Аралбаев сөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Қала мектептерінен республикалық байқаулардың лауреаттары өнерпаз оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

 





Яндекс.Метрика