2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Ақтөбе облысында жұмысшы жастарды қолдауға бағытталған 35 әлеуметтік жоба іске асырылды

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 27,2 млн.теңге бөлініп, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарды патриоттық тәрбиелеуге, еріктілік қозғалысын дамытуға, ауыл және жұмысшы жастарды қолдауға бағытталған барлығы 35 әлеуметтік-маңызды жоба іске асырылса, оның 22 аудандарда жүзеге асты, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе25 Қаңтар , 10:51

Облыс тұрғындарының 28,9% (233 745) жастар құрайды. Оның ішінде 145 291 мың қала жастары, 88 454 мың ауыл жастары. Облыста барлығы 39 жастар ұйымдары болса, оның ішінде 17 аудандарда құрылды.Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 2014 жылы 197,3 млн. теңге бөлініп, игерілді.

2006 жылдан жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қалалық қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүреді және талантты жастар өкілдері жыл сайын стипендиямен марапатталып келеді. Өткен жылы жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 297 студентіне (183 ЖОО, 114 - ТжКББҰ) барлығы 28,8 млн. теңге көлемінде стипендия тағайындалды. 

Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарының жұмысын ұйымдастыруға 119,4 млн. теңге бөлініп, оқу орындарының студенттері, ауыл, жұмыссыз жастар және жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері қатарынан барлығы 2585 жас жұмыс жасаса, оның ішінде 588 жұмыссыз жастар.

Есептік кезеңде жастар арасында барлығы 110 000 адамды қамтыған 800 аса іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңес хатшылығының қатысуымен жас кәсіпкерлердің I Республикалық бизнес-форумы, оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитеттерінің Республикалық слеті, «Ұлттық құндылығымыз – басты тірегіміз» атты облыстық жастар форумы өткізілді.

Елбасы тапсырмасымен жастар саясатын жетілдіру, облыстағы жастармен жер-жерде жұмысты ұйымдастыру мақсатында 2014  жылдан бастап облыс орталығы мен барлық аудандарда жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтары құрылып, жұмыс жасауда.

2014 жылы жастар ресурстықорталықтарына 4000 мыңғажуықоблыс жастары әртүрлі бағытта кеңес алу мақсатында келді. Оның ішінде 2828 жасқа әлеуметтік-медициналық, 474 психологиялық, 311 заңгерлік кеңес беріліп, 484 жасты тұрақты жұмыс орындарына орналастыруға ықпал етілді. 




Яндекс.Метрика