Өңірлер

Алматы облысында ІІД-нің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1,8 млрд теңге бөлінді

2014 жылы облыс бюджетінен ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 миллиард 867 млн. теңге бөлінді, бұл туралы Талдықорған қаласында облыс әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор Рашид Жақыповтың қатысуымен өткен облыстық ішкі істер департаментінің 2014 жылдың қорытындысы бойынша кеңес отырысында айтты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы25 Қаңтар , 10:03

Күн тәртібінде жедел қызметтің қортындылары мен әскери қызмет жағдайындағы тәртіп мәселесі, заңдылықты сақтау, облыстық ішкі істер органдарының жеке құрамының жемқорлыққа қарсы іс әрекеті мен 2015 жылға арналған басым бағыттары қаралды.

«2014 жылы облыс бюджетінен ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 миллиард  867 млн. теңге бөлінді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда екі есе артық. Ішкі істер департаменті алты нысанының  күрделі жөндеуіне 299 млн. теңге жұмсалып,  «Арлан» арнайы жасағы үшін 128,0 млн. теңгеге ғимарат, 104 бірлік қызметтік көлік, 20 бейнебақылау жүйесі сатып алынды. Осыдан кейін қылмыстың жалпы көлемі азайып, ауыр және өте ауыр қылмыстардың саны төмендеді», - деп атап өтті А.Баталов.

Бұдан басқа облыс әкімі өзінің сөзінде интеллектуалды жүйені иемденіп, «Ақылды қала» жүйесіне ауысуды, бейнекамералар санын көбейтуді, сонымен қатар, елді мекендердегі санитарлық тазалық пен аббаттандыруға баса назар аудару қажеттігін жеткізді.

Жиын соңында облыс әкімі өз қызметі саласында ерекшеліктерімен көзге түскен ішкі істер қызметкерлеріне Құрмет грамоталарын табыстады. Бұдан бөлек 11 қызметкерге «Үздік тергеуші», «Үздік кадр қызметкері», «Үздік криминалист» және т.б. номинациялар бойынша ескерткіш сыйлықтар берілді. 




Яндекс.Метрика