Өңірлер

Қазақстанда ет пен сүт өнімдерінің бағасы айтарлықтай өзгерген жоқ – Қазагромаркетинг

«Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдың 13-20 қаңтар аралығында еліміздің ешбір өңірінде ет пен сүт өнімдерінің бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгермегендігін айтты.
Казахстан24 Қаңтар , 18:31

Бакалея өнімдерінің арасында төмендегідей баға өзгерістері байқалды: Астанада арпа жармасы 17%-ға 121-ден 101 теңге/кг-ға дейін арзандады. Сатылымда қаптан өлшеніп сатылатын арзан өнім мөлшерінің артуы баға көрсеткіштерінің төмендеуіне әкелді. Көтерме баға өзгермеген – 70 теңге/кг.  Қарағандыда қарақұмық жармасы 14%-ға 225-тен 193 теңге/кг-ға дейін арзандады, деп хабарлады Қазагромаркетинг.  

Астанада арпа жармасы 28%-ға 194-тен 140 теңге/кг-ға дейін арзандады. Сатылымда қаптан өлшеніп сатылатын арзан өнім мөлшерінің артуы баға көрсеткіштерінің төмендеуіне себеп болды. Бір апта ішінде көтерме бағалар керісінше 8%-ға 65-тен 70 теңге/кг-ға дейін артты.

Бір апта ішінде жеміс-көкөніс өнімдері бағаларының өзгерісі мынадай болды:    Астанада қызанақ бағасы 14%-ға 589-дан 508 теңге/кг-ға дейін төмендеді. Жеткізілім мөлшерінің артуы мен көтерме бағалардың 5%-ға 413-тен 392 теңге/кг-ға дейін төмендеуі өнімнің арзандауына әкелді. Қостанайда керісінше қызанақ бағасы 14%-ға 350-ден 400 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Өнім бағасының артуы жеткізілім мөлшерінің азаюы мен сатушылардың көтерме бағаны 27%-ға 255-тен 323 теңге/кг-ға дейін қымбаттатуымен байланысты.

Астанада жүзім бағасы 22%-ға 589-дан 508 теңге/кг-ға дейін арзандады. Өнімнің арзандауы жеткізілім мөлшерінің артуы мен сатушылардың көтерме бағаны 5%-ға 413-тен 392 теңге/кг-ға дейін төмендетуімен байланысты. Өскеменде өнімнің жеткізілім мөлшерінің азаюы мен сатушылардың көтерме бағаны 9%-ға 423-тен 463 теңге/кг-ға дейін қымбаттатуы салдарынан жүзім бағасы 12%-ға 566-дан 633 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.

Астанада баялды бағасы 16%-ға 725-тен 610 теңге/кг-ға дейін төмендеді. Өнімнің арзандауына тұтынушылар сұранысының төмендеуі әсер етті. Көтерме бағалар өзгермеген – 600 теңге/кг.




Дерекнама

Яндекс.Метрика