Өңірлер

Алматыда ШОБ кәсіпорындары қала түсімінің 66 пайызын қамтамасыз етеді

Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев мегаполис пен ҰКП-ның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша бірігіп жұмыс істеу және өзара әрекет жасау жөніндегі Келісімге қол қойды.
Алматы қаласы24 Қаңтар , 17:46

Келісім бизнес пен мемлекет арасындағы іскерлік алаңнын жұмыс істеуіне жене бизнесті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді еңсеруге бейімделген, деп хабарлады қала әкімдігі.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға, әсіресе орта және кіші бизнесті қолдауға үлкен назар аударылған. Себебі еліміздегі шағын және орта бизнестің үштен бір бөлігі Алматыда шоғырланған, сондай-ақ бұл салада 450 мың адам жұмыспен қамтылған. Одан өзге ШОБ қала түсімінің 66 пайызын құрайды», - деді Ахметжан Есімов.

Қала әкімі келісім бойынша жұмыс істеу еліміздің негізгі қаржы институттары мен кәсіпкерлік субьектілері шоғырланған Алматыны республикамыздың ірі іскерлік орталығы екендігін айқындай түсетінін атап өтті. Өз кезегінде ҰКП-ның басшысы Тимур Құлыбаев өзара ынтымақтасып жұмыс істеу кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен қатар іскерлік ортадағы бәсекелестік деңгейін арттыруға ықпал ететіндігіне сенімді екенін айтты.

«Бүгінгі келісім бизнес пен оңтүстік астана басшылары арасындағы іскерлік қарым-қатынастың платформасына айналады. Қазіргі уақытта екі жаққа өзара ыңғайлы әрі нақты қарымқатынас тетігін қалыптастыру маңызды. Өткен жылдан бастап кәсіпкерлерге қолдау көрсету, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді барынша азайту, бизнес өкілдерінің құқығын қорғау мәселесіне байланысты бізде бизнестің басты бөлігі шоғырланған еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы әкімдігімен конструктивті қарым-қатынас орнатылды. Кәсіпкерлер, әсіресе заң аясында және басқа да мүмкіндіктері шектеулі микро-бизнес өкілдері біз арқылы өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алатынын білуі тиіс. Олар ҰКП-ның қолдауына ие екенін сезінуі маңызды», - деді Тимур Құлыбаев.




Яндекс.Метрика