Ұлттың денсаулығы

2400 әскери қызметші әскери-қолданбалы және ұлттық спорт түрлерінен өтетін спартакиадаға қатысады (Фото)

Әскери-қолданбалы және ұлттық спорт түрлерінен жылсайынғы 5-спартакиада басталды.
Казахстан 24 Қаңтар, 19:06

Оған барлық саны шамамен 2400 болатын ҚР Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен, ҚР Қарулы Күштерінің түрлері бас қолбасшыларының басқармаларынан, Ақмол гарнизонының әскери бөлімдерінен, сондай-ақ Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің әскери қызметшілері қатысады. Спартакиадағы спорттың 10 түрі енген.

«Олар – тоғызқұмалақ, шаңғы спорты, гимнатикалық жаттығулар, үстел теннисі, мини-футбол, АК және ПМ табельдік қаруларынан ату, волейбол, жүзу, көпсайыс және жеңіл атлетика. Бұл спорт түрлері әскери қызметшілердің дене даярлығын арттырып, логиа, ойлау қабілеттерін, реакциясын дамытады. Бұдан басқа, ұжымды біріктіріп, жеке құрамның командалық рухын көтереді», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Қазіргі таңда тоғызқұмалақ сайысы аяқталды, ақпан айында шаңғы спортынан жарыстар өтеді, қалған спорт сайыстары 30 қыркүйекке дейін бөлініп белгіленген. Спартакиада ресми аяқталған соң жүлделі орындарға ие болған үздік армия спортшылары дипломдармен және грамоталармен марапатталатын болады.


 





Яндекс.Метрика