Инфрақұрылымның дамуы

2014 жылы Ақтөбе облысында 10 дәрігерлік амбулатория салынды

Мемлекеттік «350 дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік акушерлік пунктер және 50 емхана құрылысы» бағдарламасы щеңберінде жоғарғы даму потенциалы бар елді мекендерінде 10 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Мекемелердің құрылысына республикалық бюджеттен 133,3 млн.тг. жергілікті бюджеттен 38,7 млн.тг. қаражат жұмсалды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе24 Қаңтар , 17:02

2014 жылы денсаулық сақтау саласы бойынша облыс бюджеті – 5,8% өсіп 30,9 млрд. теңгені құрады.

Басқару технологиясын жетілдіру және медициналық көмекті ұйымдастыру позитивтік медициналық-демографиялық тенденцияларды қалыптастырып, тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына әсер етті. Өткен жылдың нәтижесінде облыста оң демографиялық ахуал қалыптасып, тұрғындардың туылуы өсіп, халықтың табиғи өсімі көтерілді, жалпы өлім-жітім көрсеткіші едәуір төмендеп отыр.

Туу көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 1,5% өсті (2014ж.-24,08, 2013ж.-23,71), ҚР бойынша 23,32.Тұрғындардың табиғи өсімі 4,1%-ке өсті (2014ж.–17,29; 2013ж.-16,60), республикалық көрсеткіш – 15,68. Жалпы өлім–жітімнің төмендеуі байқалады, өлім 4,5%-ке төмендеді (2014ж.–6,79; 2013ж.-7,11), ҚР-7,64. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 71,1 жасты құрады (2013ж.-70,29), ҚР-69,61.

 

 

 




Яндекс.Метрика