Мәдениетті жаңғырту

ҚР Ұлттық музейінің топтамалары петербургтық атақты суретшілердің туындыларымен толықты (Фото)

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде орыс суретшілері Латиф Казбеков пен Алексей Талащуктің «Біз біргеміз» көрмесінің жабылуы аясында дөңгелек үстел өтті.
Астана қаласы 24 Қаңтар, 19:48

Шара ҚР Ұлттық музейі басшылығы мен қызметкерлерінің, Қазақстандағы Ресей Федерациясы Елшілігінің кеңесшілері Валентина Лысенко мен Виктор Нефедовтың, «Kaspi bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Кимнің, «Петербургтің еркін суретшілері» жобасының жетекшісі Юрий Саулидидің, Қазақстан суретшілер одағының мүшелері Ахметжан Қалиолла, Армат Бектасов және Сембіғали Смағұловтардың және Астана қаласы Суретшілер одағының төрағасы Тоқтар Ермековтың, өнер зертеушісі, Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің заманауи шетелдік өнер орталығының жетекшісі Елизавета Кимнің қатысуымен өтті.

«Кездесуге қатысушылар Петербург суретшілерінің бейнелеу өнерін Қазақстанда және қазақстандық суретшілердің туындыларын Санкт-Петербургте «Петербургтің еркін суретшілері» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып көпшілікке тарату мәселелерін талқылады», - деп хабарлады Ұлттық музей.

ҚР Ұлттық музейі «Петербуртің еркін суретшілерінің» жобасын қолдайды және келешекте екі мемлекет арасында бірыңғай мәдени кеңістік жасау және дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастырады.

Дөңгелек үстел аяқталған кезде суретшілер ҚР Ұлттық музейіне осы көрмеге қатысқан өздерінің бірнеше суреттерін сыйға тартты. Л. Казбеков «Қарқынды» деген туындысын өзі сыйласа, «Берік» деген белгілі картинасын «Kaspi bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким музейге сыйға тартты. Кәсіпкердің бұл меценаттық сыйы бір реттік шара емес. Ол өзінің ҚР Ұлттық музейі қорының жыл сайын өнер туындыларымен толығып тұруына ат салысатынын жеткізді.

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика