Инфрақұрылымның дамуы

ШҚО-да тұрғын үй құрылысын жүргізу бойынша меморандумға қол қойылды

ШҚО әкімі Даниал Ахметов, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов және «Ертіс ӘКК ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Манарбек Сапарғалиев өңірде тұрғын үй құрылысын жүргізу бойынша үшжақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан24 Қаңтар , 16:23

Тұрғын үйлердің құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаты бойынша облыстық бюджет қаржысының есебінен қаржыландырылмақ. Меморандум бойынша ШҚО әкімдігі құрылысқа қажетті жер телімін беруді, оны инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуді, жобалық-сметалық құжаттардың әзірленуі және түзетілуін бақылауды өз міндетіне алады.

Баспана құрылысына тапсырыс беруші және ұйымдастырушы ретінде «Ертіс» ӘКК «Ұлттық компаниясы» АҚ жұмыс жүргізбек. Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үйді сатып алушылар пулын құрады.

Банк сонымен қатар, азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинағы есебінен тұрғызылған баспаналарды өткізіп, мердігерлерді қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерге шартты депозиттерді  орналастыру арқылы құрылысты қаржыландырады.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ аймақтағы атқарылған жұмысы бойынша 2013 жылы жалпы ауданы 6,4  мың шаршы метр болатын 107 пәтерлі 2 тұрғын үйді пайдалануға берген болатын.

Алдағы уақытта ШҚО әкімдігімен қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында ауданы 59 мың шаршы метр болатын 949 пәтерлі 10 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.




Яндекс.Метрика