Өңірлер

Алматы облыстық ІІД мен ТЖД автопаркі жаңа 138 автокөлікпен толықтырылды

Талдықорған қаласындағы орталық алаңда облыс әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор Рашид Жақыповтың қатысуымен салтанатты түрде ішкі істер департаменті мен төтенше жағдайлар департаментіне 138 жаңа қызметтік автокөліктер мен арнайы техникалардың кілтін табыстады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы 24 Қаңтар, 15:44

Алматы облысында қызметтік қажеттілік үшін 2014 жылы облыстық ішкі істер органдарына-177 патрульдік автокөлік, төтенше жағдайлар қызметіне-104 арнайы техника сатып алынып, пайдалануға берілді.

«Бұл қылмыстың алдын алуға, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлар кезінде уақытылы көмек көрсетуге өзінің оң нәтижесін берді. Біз бүгін аталған орғандарға салтанатты түрде қосымша 138 автокөлік пен арнайы техника кілттерін табыстағалы отырмыз. Алдағы уақытта да аталған қызметтерге тұрақты түрде қолдау көрсетілетін болады», - деді А.Баталов.

Облыстық ішкі істер және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жан-жақты қолдауларға өздерінің алғыстарын білдіріп, өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.





Яндекс.Метрика