Мәдениетті жаңғырту

Алматы облысының әкімі Кеңес одағының Батыры Иван Косенковқа барды (Фото)

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қаратал ауданына сапары барысында Кеңес одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының ардагері Косенков Иван Васильевичке барды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы 24 Қаңтар, 14:33

Ардагер – бүгінгі күні Алматы облысындағы жалғыз Кеңес одағының Батыры.Бұдан бөлек Иван Косенков – Алтын Жұлдыз орденімен, Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.Жуков атындағы ордендермен марапатталған.

Кездесу барысында облыс әкімі соғыс ардагерінің денсаулығын сұрап, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ардагерлерге жасап жатқан қолдауы мен көмегін атап өтті. Биылғы жылы кең көлемде аталып өтілуі жоспарланып отырған Жеңістің 70 жылдығы туралы да ойын жеткізді.

Облыс әкімі ардагердің бүгінгі жастарға нағыз ерлік пен батылдықтың нышаны екендігін айтып, алдағы күндеріне зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі.
Кездесу соңында Иван Косенков ардагерлерге көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдаулары үшін Елбасыға өзінің шынайы алғысын айтты. 





Яндекс.Метрика