Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

2015 жылы БҚО-да ИИДМБ аясында 48 млрд теңгенің 5 жобасын жүзеге асыру жоспарланған

Батыс Қазақстан облысында 2015 жылы ИИДМБ аясында 48 млрд теңгенің 5 жобасын жүзеге асыру жоспарланған, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Аслан Жақыпов.
Батыс Қазақстан28 Қаңтар , 11:06

Оның айтуынша, ҮИИДМБ  жұмыс істегелі бері өндірістік өнімнің көлемі 2 есеге өсті, 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1 трлн 833,9 млрд теңгені құрады, ал 2014 жылы өндірістік өнім көлемінің физикалық индексі 103,9 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі көлем 1,9 есеге өсіп, 137,7 млрд теңгені құрады.

«Құрылыс индустриясында да біршама өрлеу нышандары болды – 29,7 пайыз, металлургиялық өндіріс – 18,5 пайыз, машина жасау – 9 пайызға, мұнай өңдеу 6,6 пайызға өсті», - деді басқарма жетекшісі.

Индустрияландыру картасы аясында облыста 303,3 млрд теңгенің  38 жоба жобасы жүзеге асырылуда, ол 2,1 мың жұмыс орнын ашады. Олардың ішінде 2010-2014 жылдары 254,9 млрд теңгенің 32 жобасы жүзеге асырылған болатын, 1,6 мың жұмыс орны ашылды. 22 жоба 70 пайыздық қуаттылыққа шықса, 4 жоба 50 пайыздық қуаттылыққа шықты.

Сыртқы сауда айналымы Кедендік одақтан өзге елдермен 2014 жылдың қаңтар-қараша айларында 9,3 млн долларды құрады, ол 2013 жылмен салыстырғанда 16,7 пайызға жоғары.

2013 жылмен салыстырғанда өткен жылы экспорттық түсімдер 16,7 пайызға жоғарылап, 8,8 млн долларды құрады, импорттық келу 8,4 пайызға жоғарылап, 449 млн долларды құрады, деді ол.




Яндекс.Метрика