Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

К.Мәсімов Давоста Сауда мәселелері бойынша еурокомиссармен Қазақстанның ДСҰ-ға ену мәселесін талқылады

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум жұмысы аясында Сауда мәселелері бойынша еуропалық комиссар Сесилия Мальстроммен кездесу өткізді.
Әлемде23 Қаңтар , 18:26

«Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақтың сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады», - деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, К.Мәсімов пен С.Мальстром Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жолындағы маңызды сұрақтарды қарастырды.

Кәрім Мәсімов атап өткендей, Қазақстан ДСҰ-ға кіру жолындағы жұмыстардың соңғы кезеңін аяқтауда.

Айта кетерлік жайт, тараптардың ДСҰ-ға ену Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық қарым қатынасты одан ары нығайта түседі деген ойы бір жерден шықты. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика