Энерготиімділік

Алматыда Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгрессінің тұжырымдамасы талқыланды

Алматыда Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік Академиясы (ҚР ҰИА) мен Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының (ҚазҰЖҒА) ұйымдастыруымен «Болашақ энергиясы: инновациялық сценарийлер мен оларды жүзеге асыру тәсілі» («БЭИСЖАТ-2017») инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресінің тұжырымдамасы талқыланды.
Алматы қаласы23 Қаңтар , 17:08

Келелі кеңеске, ҚР энергетика, білім және ғылым министрліктерінің, «Астана ЭКСПО-2017»ҰК өкілдері мен Парламент депутаттары, ірі өндіріс ошақтарының басшылары, белгілі ғалымдар мен инженер мамандар қатысты.

ҰИА-дан хабарлағандай, Конгреске «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ұйымдастырушылары қолдау көрсетіп отыр және оның негізгі шаралар тізіміне енгізілген.

«Конгресстің мақсаты - энергия үнемдеу және энергияны тиімді пайдалануды, энергия үрдістерінің маңызды жетістіктерін - инновациялық технология және техниканың энергетика саласында даму жолдарын, бүкіл әлем елдерінде экономиканың тұрақты даму және өсуін әлемнің жетекші ғалымдармен және инженерлерімен талқылау», - делінген хабарламада.

Алқа мәілісінде аталып өткендей, Елбасы ЭКСПО-2017 көрмесін «Болашақ энергиясы» деп атады және ол Қазақстанға жаңа энергетикалық және «жасыл» технологияларды алудың бірегей мүмкіндігі. Ал, оның аясында Дүниежүзілік конгрессті өткізу ол үлкен мәртебе және жауапкершілік. Мұндай ірі, әрі ауқымда шаралар біріктіріліп өткізілген емес.

Жалпы, жиынға қатысуышлар аталмыш Конгресс ЭКСПО-2017 көрмесінің белді шараларының  болмақ, әрі ол қазақстандық ғылымның нағыз келбетін көрсетеді, деп атап өтті.




Яндекс.Метрика