Өңірлер

Қызылорда облысында 2014 жылы мемлекеттік қазынаға 400 млрд теңге кіріс кірді

Салық жинау көрсеткіші 2013 жылғы көрсеткіштен 22,4 пайызға артып, мемлекеттің қазынасына 400 миллиард теңгеден аса қаражат түсті. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев 2014 жылдың бюджет тайқазанын толтыру бағытында атқарылған жұмыстарды саралап, 2015 жылда салық базасын әрі қарай жетілдіру жолдары туралы баяндамасында айтты.
Қызылорда23 Қаңтар , 19:58

Бюджеттің кіріс бөлігі 61 миллиард теңгені құрады, яғни өткен жылға қарағанда 30 пайызға жоғары болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Кірістің жоғарылауы апатты мектептердің орнына 12 жаңа мектептің құрылысын бастауға, денсаулық сақтау саласындағы бірқатар нысандарға күрделі жөндеу жүргізуге және аудандық ауруханаларды жасақтауға, Қорқыт ата атындағы мемориалдық кешеніне жаңғырту жұмыстарын жүргізуге және облыс орталығын дамытуға қаржы бөлуге мүмкіндік берді», - деді С.Мұстафаев.

 

 




Яндекс.Метрика