Инфрақұрылымның дамуы

Ақтауда 1 мыңнан астам бүлдіршін 2015 жылы мектепке дейінгі біліммен қамтылады

Маңғыстау облысы, соның ішінде Ақтау қаласындағы бала туу көрсеткіші жоғарғы деңгейде.
Маңғыстау23 Қаңтар , 19:41

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, өткен оқу жылында нақты тапсырылған есеп бойынша 7 жасқа дейінгі балалар саны 27848 болса, биыл 32214-ке жетіп отыр, яғни балалар саны 4366-ға артқан.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Ақтау қаласында 4 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр және кері қайтарылған 12-шағын аудандағы №32 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен, әкімдіктің мәліметі бойынша, биылғы жылдың 2-ші жарты жылдығында орташа есеппен 3 пен 6 жас аралығындағы 1120 сәби жаңа  5 балабақшаның табалдырығын аттайтын болады. Балабақшамен қамтамасыз етуге кәсіпкерлерді тарту бағытында ірі компаниялармен келісімдер жүргізілуде. Олардың бірі - «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-на балабақша салуға жер телімі бөлінді. Кәсіпорын тиісті министірліктен келісімдерін алғаннан кейін әрі қарай жұмыстарын жасайтын болса, 2017 жылы аталған балабақшаны да пайдалануға беріледі. Ал, 2020 жылға дейін Ақтау қаласын балабақшамен 100% қамтамасыз ету жоспарлануда. 




Яндекс.Метрика