Басқару

Мемлекетке 980 млрд теңгенің қолданылмай жатқан жер учаскелері қайтарылды – Бас прокуратура

2014 жылы мемлекетке қолданылмай жатқан 980 млрд теңгенің жер учаскелері қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратураның алқа жиынында мәлім болды.
Астана қаласы23 Қаңтар , 18:41

«Мораторий жағдайында, кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтірместен, аралап көру және камералдық талдау жасау арқылы Астана қаласының прокуратурасы кадастрлық құны 575,7 млрд. теңге тұратын пайдаланылмай жатқан 255 жер телімін анықтаған. Бүгінде екі мың жеті жүз гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды», - деп хабарлады ведомство.

Құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижесінде өткен жылы тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны 12,5 пайызға, яғни, 3 млн. 699 мыңға артты. 60 млрд. теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар өндіріліп алынды. Айыппұлдарды өндіріп алу сомасы тұңғыш рет 60 пайызға жетті, ал осыған дейінгі 5 жыл ішінде бұл көрсеткіш 30 пайыздан аспаған болатын.

Мемлекет бюджетіне 74 млрд. теңгеден  астам қаржы өндіріліп алынды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге дейін артық (2013 жылы 38,4 млрд.).

 




Яндекс.Метрика