Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

2014 жылы мемлекеттің экономикалық мүддесіне келер 25 млрд теңгеден астам шығынның алды алынды – Бас прокуратура

Биылғы жылдан бастап құқық қорғау органдары қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделі аясында жұмыс істеуде. Бұл туралы Бас Прокуратураның алқа отырысында мәлім болды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Астана қаласы 23 Қаңтар, 15:51

Мәжіліске Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев және Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Ерлік Кененбаев, Бас прокуратураның жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері және Парламент депутаттары қатысты.

Бас Прокурор атап өткендей, прокуратура органдары үшін өткен жыл Мемлекет басшысының жаңа қылмыстық-процестік заңнаманың іске қосылуына орай құқықтық жүйенің тиімді қызметін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында өтті. «Биылғы жылдан бастап құқық қорғау органдары қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделі аясында жұмыс істеуде», - деп атап өтті А.Дауылбаев.

2014 жылы елдегі қылмыстық ахуалдың жақсарғаны байқалды – қылмыс жасау 5,2 пайызға, яғни, 359 мыңнан 341 мыңға дейін азайды. Аса ауыр қылмыстар 18,2 пайызға, ауыр қылмыстар 17,4 пайызға азайды. Оның ішінде адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, қарақшылық, бопсалау, бұзақылықтар саны едәуір кеміген. Көше қылмыстары азайып, алкогольдік ішімдік ішіп және есірткі қолданып жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар саны төмендеген.

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлар 395 мың заң бұзушылықты анықтап, оларды жоюға бағытталған шаралар қабылдады. 16 мыңға жуық заңсыз құқықтық актінің күші жойылды. 746 мыңнан астам азаматтың, оның ішінде 239 мың жасөспірімнің құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді. 55 мыңнан астам адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды. 500 қылмыстық іс қозғалды.

Енгізген актілері арқылы заңсыз 140 конкурстың күшін жойып, мемлекеттің экономикалық мүддесіне келер 25 млрд. теңгеден астам шығынның алдын алған Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының прокуратуралары және Бас көлік прокуратурасының жұмыстарын Бас Прокурор атап өтті.

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Стратегиясын жүзеге асыруға қадағалауды күшейту, экономиканы тұрақтандыру үшін Ұлттық қордан бөлінген бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

 

 





Яндекс.Метрика