Энергетика

Қазақстанда ТКШ секторында энергияны үнемдеу бойынша 5 жылдық жоба іске қосылады

Қазақстанда «Органикалық-көмірсутекті дамытудағы тұрақты қалалар» 5 жылдық жобасын жүзеге асыру басталады, ол тұрғын үй коммуналдық шаруашылық секторында энергияны үнемдеуға бағытталған, деп мәлімдеді БҰҰ ДБ/ЖЭҚ жобаларының үйлестірушісі Александр Белый.
Астана қаласы23 Қаңтар , 15:14

«Біз «Органикалық-көмірсутекті дамытудағы тұрақты қалалар» 5 жылдық жобасын жүзеге асыра бастаймыз. Ол көппәтерлі тұрғын үйлердегі, көлік саласында, энергетика секторында  электр энергияны үнемдеуге бағытталған», - деп хабарлады Александр Белый.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бұл жобада жаңа технологияға инвестиция тартуға көбірек дең қойылған.

«Біз бүгін таныстырылатын технологиялар жаңа жобаларды жүзеге асыру барысында пайдаланылатын болады деген үміттеміз», - деп жалғастырды ол.

Айта кетерлік жайт, Қазақстанда 160 мыңға жуық көппәтерлі үй бар, олардың жалпы көлемі 180 млн шаршы метрден асады. Осы ретте 8 мыңнан астап КПҮ басқармасы жұмыс істейді. КПҮ бүгінгі жағдай үлкен наразылықта тудыруда. ТКШ жаңғырту шараларына халықтың көңілі тола бермейді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика