ҚР ИИДМБ

«ЭКСПО-2017» көрмесіне қарсы Ақмола облысында жел паркі мен күн электр станциясы салынады

Бүгін Алматы облысының әкімі Сергей Кулагинге табиғи ресурстардан электр энегриясын алу бойынша бірқатар инвестжобалар таныстырылды.
Ақмола23 Қаңтар , 16:36

Аршалы ауданында күн электр энегриясын орналастыру жоспарланған. Жобаны ұйымдастырушы «Enterprises» ЖШС, жобаны жүзеге асыру 2015-2016 жылдарға жоспарланған. Бастама танытқандардың айтуынша, жобаны жүзеге асыру Астана қаласын электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Өндірілетін электр энергиясының қуаттылығы 100 МгВатты құрайды. 20 тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылыс кезінде 60 жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жобаның жалпы құны 150 млн евроны құрайды. Шетел инвесторларына  жобаны жүзеге асыру үшін Аршалы ауданында 300 га жер қажет болады.

Сондай-ақ, аймақ басшысының назарына қуаттылығы 300 МгВатт жел паркі мен 73 млрд теңгенің электр энергиясы жобасы таныстырылды. 




Яндекс.Метрика