Мәдениетті жаңғырту

Ақмола облысында ескерткіштер мен мүсіндер шығарыла бастады (ФОТО)

Бүгін Ақмола облысы әкіміне Аршалы ауданына жұмыс сапары аясында ескерткіштер мен мүсіндер өндірісі таныстырылды.
Ақмола 23 Қаңтар, 16:21

Жібек жолы ауылында аймақ басшысына  көркемөнер өндірістік комбинаты «Қазарт» Қазақстан көркем комбинаты» ЖШС тыныс тіршілігі таныстырылды.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, негізгі цехтың құрылысы 100%-ға аяқталған, оның көлемі 850 кв м. Жобаның жалпы құны 400  млн тг. Қазіргі таңда отандық және ресейлік техналогиялар алынып келуде және орнатылуда.

Аталып өткендей, комбинаттың негізгі қызметі дизайн, жобалау және жоғары көркемөнерлік өнімдерді жасаумен байланысты.

Мәлімет бойынша, комбинаттың жылдық өндірістік қуаттылығы 400 тонна құйма.  Жобалық қуаттылыққа шығу 2019 жылдың 2 жарты жылдығына жоспарланған. Оны іске қосу 50 адамды жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік береді. Ал, жұмысшылардың жалағысы 100 мың теңгеден кем болмайды. 





Яндекс.Метрика