Білім беру

БҒМ түлектердің ҰБТ-ға деген қауіпсіздігі мен жауапкершілігіне өзгерістер енгізеді

ҚР Білім және ғылым министрлігі түлектердің Ұлттық бірыңғай тестке деген жауапкершіліктері мен қауіпсіздігі бойынша өзгерістер енгізетін болады, деді ОКҚ брифингінде Тақыр Балықбаев.
Астана қаласы23 Қаңтар , 13:31

«Бүгін біз 2014 жылы таңдаған технология өзін-өзі ақтап шықты деуге болады. Бір бақылаумен біз екі тапсырманы шешеміз, түлектер үшін бірдей жағдай жасалуда. Сондықтан да, одан әрі қалай жетілдіруіміз бұл жыл сайынғы сұрақ, біз оны қарастырамыз», - деді Т.Балықбаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, ұлттық тесттің форматын өзгерту идеялары болды. «Біз осы жылы ҰБТ-ның пішінін өзгертпейміз. Тек, кейбір өзгертулерді қауіпсіздік пен жауапкершілік саласына енгіземіз», - деді ол.

«Жаңа форматты енгізудің нақты уақыты белгіленбеген, біз әзірше осы нұсқа дұрыс деп есептейміз. Одан әрі зерттеп, қарастырамыз», - деді ол.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігінде осыған дейін Ұлттық бірыңғай тестті өткізудің форматы өзгертіледі деп хабарланған болатын.

Ведомствоның ақпараты бойынша, 2015 жылы 100 мың мектеп түлегі тестке қатыспақ.

Камила Амирова

 

 




Яндекс.Метрика