Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Ақмола облысының зауыты Қазақстанның батысы мен шығысын жиһазбен қамтамасыз етіп отыр (ФОТО)

Бүгін Ақмола облысы әкімі Сергей Кулагин Аршалы ауданына жұмыс сапарымен келді.
Астана қаласы 23 Қаңтар, 18:09

Өңір басшысы Аршалы ауданы Жібек ауылындағы жиһаз зауытында болды. Жиһаз өндіретін нысанның ауданы шамамен 2000 шаршы метр. Ондағы құрылғылар Италия мен Ираннан арнайы әкелінген.

Әкімдіктің хабарлауынша, оның жобалық қуаттылығы жылына 180 мың дана жиһазды құрайды. 2014 жылы осы жерден 33 млн теңгенің 157 675 жиһазы өндірілген. Зауытта жергілікті 100 азамат еңбек етуде.

Айта кету керек, жоба индустрияландыру картасына енгізілген. Қазіргі таңда компания өнімі Астана мен Қарағанды облыстарында үлкен сұранысқа ие. Таяуда ғана жиһаз фабрикасы Қазақстанның шығысы мен батысына өз тауарларын шығара бастады. Өз кезегінде өңір басшысы Сергей Кулагин жобаны толықтай қолдайтынын айтып, осындай жобалардың мемлекет пен халық үшін берері мол екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, аталған фабрика өндірісін кеңейтіп, тағы бір цех ашуды жоспарлап отыр. Осылайша мұндағы жұмыс орны саны тағы арта түспек. Бір ерекшелігі, мұнда кеңсе жиһаздары, балабақша жиһаздары мен аурухана және мәдениет үйлерінің жиһаздары өндіріледі.





Яндекс.Метрика