Адамзаттық капитал

Өскемен қаласының оқушылары мерзімді қызмет сарбаздарының тұрмысымен танысты (Фото)

Осы аптада ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің 27943 әскери бөлімі оқушыларға өз есігін ашты. Өскемен қаласындағы Ахмерово мектебінің оқушылары қазақстандық мерзімді қызмет сарбаздарының күнделікті тыныс-тіршілігін өз көздерімен көріп, онымен тікелей танысуға мүмкіншілік алды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Шығыс Қазақстан 23 Қаңтар, 20:33

Экскурсия шеңберінде балалар әскери бөлім аумағында орналасқан түрлі объектілерді аралап, әскери техника мен қару-жарақ түрлерімен танысты. Осындай іс-шаралар ҚР ҚК әскери бөлімдерінде тұрақты өткізіліп тұрады.

Ол өз кезегінде өсіп келе жатқан ұрпақтың әскери-патриоттық сана-сезімдерінің қалыптасуына елеулі үлес қосып, әскери қызметтің беделін арттырады. Әскери қызметшілер өз үлгілерімен балаларға туған елді қорғау жөніндегі азаматтық борышты атқарудың маңыздылығын көрсетеді. Осылайша олар Қазақстанның болашақ патриоттарын тәрбиелеу ісіне өз үлестерін қосуда. 

 





Яндекс.Метрика