Өңірлер

КП мен СҚО-ның қаржылай қадағалау инспекциясы мемлекеттік сатып алу саласында бірлесіп жұмыс істейді

Кәсіпкерлер Палатасы мен СҚО-ның қаржылай қадағалау инспекциясы мемлекеттік сатып алу саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Солтүстік Қазақстан23 Қаңтар , 17:37

Тараптардың құжатқа қол қоюының негізгі мақсаты кәсіпкерліктің одан әрі дамуы мен жаңадан құрылуы үшін институционалды негіз жасақтау, отандық кәсіпорындарды мемлекеттік сатып алу саласында қолдау көрсету, бухгалтерлік және қаржылай есеп қызметінде ынтымақтастық орнату.

«Мемлекеттік сатып алу саласы кәсіпкерлер палатасы құрылған сәттен бастап басымдылық берілген бағыттардың бірі.  Себебі біздің қызметіміздің негізгі мақсаттарының бірі қазақстандық қамтуды арттыру, мемлекеттік сатып алу жүйесінің барынша ашықтығын қамтамасыз ету», - деп атап өтті  СҚО КП директоры Нелли Кукушкина.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, мемлекеттік сатып алуға құжат дайындау барысында палатаның жобалық сметалық құжатнаманы  тексеру мәселесі қаралуда. Оның пайымынша, бұл кейбір компаниялардың мүддесін қорғауға мүмкіндік бермейтін болады.

Аталып өткендей, тараптар жақын арада мемлекеттік сатып алу заңнамасын кәсіпкерлерге түсіндіру бойынша кеңес өткізбекші.




Яндекс.Метрика