Парламент

Мәжілісте қазақстандық-македондық үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралады

Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы23 Қаңтар , 13:04

Депутаттар талқысына табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеуге қатысты қазақстандық-македондық үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылып отыр.   

Сондай-ақ, күн тәртібі жобасына Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімін ратификациялауға байланысты заң жобасы да енгізілген.

Сонымен қатар, халықаралық әуе тасымалдарының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенцияны ратификациялауға қатысты қорытыныды әзірлеу мерзімін тағайындау және бітімгершілік қызмет туралы заң жобасы бойынша жұмысты ілеспелі түзетулермен одан әрі жалғастыруға байланысты мәселелер қамтылған.  

 




Яндекс.Метрика