Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда ИИДМБ аясында арнайы бағдарлама бойынша оқыту қыркүйекте басталады - БҒМ

Қазақстанда ИИДМБ аясында арнайы бағдарлама бойынша оқыту қыркүйекте басталады, деп хабарлады білім және ғылым вице-министрі Тақыр Балықбаев ОКҚ бирфингінде.
Астана қаласы23 Қаңтар , 12:13

«Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды дайындау мақсатында 10 жоғары оқу орны мен 10 колледжді белгіледі. Жалпы, жақын арады 35 мың адам оқытылатын болады», - деді Т.Балықбаев.

Вице-министрдің айтуынша, олардың 17 мыңы жоғары  және 18 мыңы техникалық кәсіби білімімен.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауында 2017 жылға дейін оқу орындарын материалдық техникалық базасын толығымен қамтамасыз ету үшін ИИДМБ шеңберінде 10 млрд теңгені бағыттауды тапсырды.

«Жоғары білім саласында біз 10 оқу орны бойынша арнайы оқу бағдарламасын  жасақтаудамыз. Олар қыркүйек айынан бастап магистратура бойынша білім ала бастайды. Елбасының бұл мақсаттағы барлық міндеттері мен ойларын жүзеге асыратын боламыз», - деп толықтырды министрдің орынбасары.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика