«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Білім министрлігі ЗТМО-мен бірлесіп түлектердің жұмысқа орналасуына мониторинг бастайды (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы» жүйесімен бірлесіп биылғы жылдың наурыз айында түлектердің жұмысқа орналасуына мониторинг бастайды, деп мәлімдеді Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Тақыр Балықбаев ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы 23 Қаңтар, 11:48

Министрліктің хабарлауынша, жұмысқа орналасу процестеріне автоматты мониторинг енгізу үшін және жұмысқа тұру бойынша мәліметтер растығын зерттеу үшін биылғы жылдың наурыз айынан бастап Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы» жүйесі мен Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесін кіріктіру жоспарлануда.

«Жоғары оқу орындарынан алынатын мәліметтер белгілі бір деңгейде күмән тудырады. Сол себепті зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы мәліметтері базасымен түлектер мәліметтері базасын интеграциялай отырып жүйе енгізбекпіз. Осылайша түлектердің шын  мәнінде неше пайызы жұмыс істеп жатқанын зейнетақы төлемдері аударымы арқылы анықтаймыз», - дейді Балықбаев.

Қазіргі таңда ЖОО ЗТМО базасы арқылы түлектердің жұмысқа орналасуын салыстыру жұмыстары басталып кетті.

«Біздің елдегі 14-29 жас аралығындағы жастар саны 4,2 млн-ды құрайды. Бұл жалпы республика тұрғынының 25 пайызы. Соның ішінде 1,7 млн-ы орта мектептерде, техникалық-кәсіптік оқыту орындарында және ЖОО білім алып жатыр», - дейді вице-министр.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында жастардың ел болашағы екенін айтқаны анық.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика