Адамзаттық капитал

2014 жылы астаналық құтқарушылар 126 адамды құтқарды (Фото)

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде 2014 жылдың қорытындылары бойынша ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор Петров Валерий Викторовичтің төрағалығымен жиын өтті, деп хабарлады Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті.
Астана қаласы 23 Қаңтар, 17:54

Оның барысында өткен жылдың елеулі мәселелері тақыға түсіп, ТЖ алдын-алу мен олардың салдарынан орын алатын адам қазасын болдырмау сынды мәселелер көтерілді.

2014 жылы 2758 шақырту бойынша төтенше жағдайлардың орнына жету жүзеге асырылған. Барлығы 126 адам құтқарылып, 744 адам қауіпсіз жерге көшірілген еді.

Сонымен қатар, ТЖ фактілеріне дереу әрекет ету, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, Экспо-2017 көрмесіне дайындалу: ТЖД қызметкерлеріне ағылышын тілін үйрену, көрменің жаңа нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика