Халықаралық интеграция

Қазақстан парламенттік делегациясы Берлинде өткен «Жасыл апта» халықаралық көрмесіне қатысты

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының делегациясы Берлинде жыл сайын ұйымдастырылатын «Жасыл апта» халықаралық көрмесінің жұмысына қатысты. Делегация құрамына ҚР Премьер-министрі кеңсесінің басшы қызмекерлері және мемлекеттік мекемелерінің өкілдері кірді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде23 Қаңтар , 12:48

Қазақстанның парламентік делегациясы ГФР Канцлері Ангела Меркельдің қатысуымен өткен көрменің салтанатты ашылуына шақырылып, бірқатар әлем ауыл шаруашылық өнім өндірушілер стендтерін қарап шықты.

Сапар барысында қазақстандық парламентарийлер және ҚР мемлекеттік мекемелерінің өкілдері Германияның Ауыл шаруашылық министрлігі парламентік Статс-хатшысы Роберт Клоспен және Бундестагтың Ауыл шаруашылық комитетінің төрағасы Гита Конеманмен екіжақты кездесулер өткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары неміс тарапын 2014 жылғы 11 қарашадағы Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды. Аталған құжатқа неміс әріптестері айтарлықтай қызығушылық танытты.

«Бағдарлама шеңберінде қазақстандық делегацияның «Barnstadte» және «Raiffeisen» аграрлық кооперативтерге жұмыс сапарлары ұйымдастырылды. ҚР депутаттары фермер шаруашылығы саласында соңғы еңгізілген жетекші технологиялармен танысты», - делінген хабарламада.

Қазақстан делегациясының Германияға сапары агроөнеркәсіп кешені саласындағы ҚР мен ГФР арасындағы ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту үшін 2009 жылы құрылған қазақстан-германдық аграрлық-саяси диалогтың қолдауымен ұйымдастырылды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика