Білім беру

Мектеп пен ЖОО-ның бірлесіп жұмыс істеуі мектеп түлектерінің университетке түсу пайызын арттырды - БҒМ

Инновациялық Еуразия университетінде Павлодар қаласының білім беру бөлімімен бірге ұйымдастырылған «Директор күні» атты дөңгелек үстел жүргізілді.
Павлодар23 Қаңтар , 14:48

Университетте «Мектеп-ЖОО» бағдарламасы аясында атқарылған істердің қорытындысын шығару, ынтымақтастық мәселелері мен перспективаларын талқылау үшін университеттің, қалалық білім беру бөлімінің өкілдері және мектеп директорлары жиналды.

Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, мектеп ЖОО-ның кадрлық ресурстары мен мүмкіндігін пайдалана отырып, өз педагогтарының біліктілігін артыруға, ал түлектеріне болашақ мамандығын таңдауда бағдарлануға, ғылыми ізденіске деген қызығушылықтарын дамытуға, ҰБТ-ға дайындалуға көмектеседі. ЖОО – оқи алатын, нақты мамандық алуға бағдарланған студенттерді алады.

Павлодар қ. білім беру бөлімінің меңгерушісі З.К. Мукашева өз сөзінде мектеп пен ЖОО-ның бірге жұмыс істеу қажеттілігі 2011-2020 жж арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бейіндік оқытуды енгізуге септігін тигізеді.

Зауреш Куантаевна жемісті ынтымақтастық үшін университетке алғыс айтты және ЖОО-мен байланыс мұғалімдердің біліктілігін арттыруды, ғылыми-әдістемелік қолдауды қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

Қала мектептері түлектерінің ЖОО-ға түсу, оқу гранттарын алу пайызының өскендігіне тоқталды. Сонымен, 2014 жылы ИнЕУ-ге оқуға түскен түлектердің жалпы санының 30 пайызы грант бойынша оқиды.

«Білімнің адам капиталына салынатын экономикалық инвестиция және еліміздің дамуының әлеуметтік-экономикалық платформа ретінде қарастырылатыны маңызды. Инновациялық Еуразия университеті біздің түлектердің жетістігіне қомақты үлесін қосуда», - деді Павлодар қаласының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.С. Нұрахметова мектептегі педагогикалық қызметті ғылыми-әдістемелік қолдау жөнінде сөз қозғай отырып.

Инновациялық Еуразия университетінің бүгінде мектептерге ұсына алатын мүмкіндіктері туралы әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі проректор п.ғ.д., профессор Б.Д. Каирбекова айтып берді. 




Яндекс.Метрика