EXPO-2017

Шетелдік инвесторлар EХРО-2017 «жасыл» инновациялар байқауына қатысуға тартылуда

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті EХРО-2017 «жасыл» инновациялар байқауына қатысуға шетелдік инвесторларды тартуда.
Астана қаласы23 Қаңтар , 14:34

EХРО-2017 бірінші халықаралық форумы негізінде «Online EХРО-2017» «жасыл» инновациялар мен жобалар халықаралық байқауын өткізу туралы меморандумға қол қойылды.

EХРО тарихында мұндай жобалар 1851 жылдан бастап алғаш рет өткізілмекші. Аталмыш байқау аясында оны ұйымдастыру және өткізу бойынша РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБ  құрылды. Оның құрамына атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұнғат Есімханов енді.

Жалпы, атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті  байқауға қатысуға шетелдік инвесторларды тарту, отандық инновациялық идеяларды іздестіру, қазақстандық туындылардың дамуына жағдай жасау бойынша көптеген жұмыстарды жүргізуде.

Аталып өткендей, комитет ниеті барларды түгелдей EХРО-ға қатысуға шақыруда. Ол үшін бар болғаны сайтта тіркеліп, өзіңнің жобаң туралы қысқаша түсініктеме берген жөн.




Яндекс.Метрика