Энергетика саласын дамыту

Астанадағы ЖЭО-3 құрылысының бірінші кезегі 2016 жылға қарай аяқталады

Астанадағы ЖЭО-3 құрылысының бірінші кезегі 2016 жылға қарай аяқталады.
Астана қаласы23 Қаңтар , 12:03

Астана қалалық энергетика басқармасының мәліметінше, 2010 жылы басталған 480 Гкал/сағ қуаттылыққа ие ЖЭО-3 жаңа энергокөз құрылысының бірінші кезегі 2016 жылға қарай аяқталады деп күтіруде. Жобаның бірінші кезегі құрамында ЖОЭ-3 барлық инфрақұрылымы мен су ысыту қазандығы құрылысы қарастырылған.

Инфрақұрылым темір жол инфрақұрылымынан, ішкі инженерлік желілерден, отын беру нысандарынан, су дайындау нысандарынан, 1-ші көтеру сорғысынан, әкімшілік ғимараттар және алаңдағы инженерлік коммуникациядан тұрады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша су ысыту қазандықтары қаңқасының монтаж жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, су ысыту қазандықтарының және бір бу қазандығын жинау жұмыстары аяқталды. 1-ші көтеру сорғысының технологиялық құрылғылары монтажының жұмыстары мен нөмір 1 және 2-ші су ысыту қазандықтарының бу тұрбасы құрылысы, от жағу депосы кешені құрылысы мен ЖЭО-1 мен ЖЭО-3 арасындағы труба және жылу желілері технологиясы монтажы жұмыстары жүргізілді.




Яндекс.Метрика