Инфрақұрылымның дамуы

СҚО-да 2 көтерме-бөлшек сауда орны пайдалануға беріледі

Қала бойынша жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов екі көтерме-бөлшек сауда орнын аралады.
Солтүстік Қазақстан23 Қаңтар , 15:04

Әкімдіктен хабарлағандай, «КСО» базары - Петропавл қаласындағы ірі сауда орталықтарының бірі, 1998 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Мұнда 350 сауда орны мен бір жарым мың жұмыс орны бар. Ағымдағы жылдың аяғына қарай мұнда автотұрағы және павильоны бар заманауи ғимарат бой көтеретін болады. Кәсіпкерлерге саудасын жүргізу үшін өзге алаң ұсынылады.

«Бүгінде банктермен бұл жобаны несиелендіру бойынша келіссөздер жүргізілуде, әкімдіктер бізді қолдап отыр. Бұл жоба облыс әкімінің бақылауында, БЖК бойынша құрылыстың басы 2015 жылдың соңына жоспарланған», - деп атап өтті «КСО» базарының бастығы.

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, жобаны несиелік қаржы мен инвестиция арқылы жүзеге асыру көзделген. Аймақ басшысы құрылыс мерзімін қысқарту керек деп кеңес берді.

«Тапсыру мерзімін  2016 жылдың желтоқсан айы деп отырмыз. Бастысы біз қаржыландыру мәселесін шешуіміз керек», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Ерік Сұлтанов екінші деңгейдегі банк өкілдерімен кездесіп, жобаны несиелендіру шарттарын талқылауды уәде етті.

Содан соң, өңір әкімі жаңа көтерме-бөлшек сауда орны «Солтүстiкті» аралады. Мұнда көкөністер мен жеміс жидектер саудасы жүргізілетін болады. Сонымен қатар, қысы жазы ауыл шаруашылығы тауарының жәрмеңкесі өткізіледі және базардың сыйымдылығы 450 тонна көкеніс сақтау қоймасы да бар.

Ерік Сұлтанов барлық жауаптыларға, сауда орталығын 1 ақпанға дейін ашуды тапсырды, айта кетерлік жайт мұнда сауда орны алғашқы екі айда тегін болмақ.




Яндекс.Метрика