Адамзаттық капитал

Ұлттық банк пен Кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

ҚР Ұлттық банкі пен Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Астана қаласы23 Қаңтар , 14:04

Ұлттық палатаның хабарлауынша, тараптар Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту, қаржы секторын тұрақтандыру, отандық бизнес үшін қорландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету тетіктерін құру жұмыстарын жалғастыруға келісті.

Ынтымақтастық қаржы қызметтерін дамытуға, соның ішінде өңірлерде, қаржы нарығында жекешелендіру жүргізу арқылы, халықтың қаржылық сауаттылығын көтере отырып қаржы қызметтерін  тұтынушылар арасында ашық диалог құру, проблемалық қарыз алушылар мен қаржы нарығының кәсіби қатысушыларын да қоса отырып жұмыс істеуге бағытталған. Тараптар келіссөздің басым бағыттары алдағы уақытта өзге де мәселелермен толығуы мүмкін екенін айтысты.

ҚР ҰКП мен ҚР ҰБ арасындағы байланыс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативті құқықтық актілер жобасын дайындауда бірлесе жұмыс істеу, сонымен қатар жұмыс топтары мен бірлескен жобаларды тараптардың теңдей қатысуын қарастырады.  

ҚР ҰКП мен ҚР ҰБ басшылығының кездесуі маусымына кемінде бір рет өткізіліп отыратыны белгілі.




Яндекс.Метрика