Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қарағанды облысында жер қойнауын пайдалану саласында жүзеге асырылатын жобалар қаралды

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков инвестициялық комитет жиынын өткізді. Жиын барысында ««Сарыарқа» ӘКК» Ұлттық компаниясының қатысуымен жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалар талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қарағанды23 Қаңтар , 11:18

Жоблардың алғашқысы Шет ауданына қарасты Батырсу кен полиметаллдық орнынан ашылған «Kazakhstan Mineral Company» ЖШС-і.

Екінші жоба - «АТМ Консалтинг» ЖШС. Ол Ақтоғай ауданына қарасты Қасқырқазған кен орнында ашылған. Жоба молибден мен мыс шығаратын болады.Үшінші жоба - «Қарағанды Ақ Тұмар» ЖШС.Ол алтын мен мыс қоспаларын жасауға бағытталған. Кен орны Қарақаралы ауданына қарасты Атбас өңірінде орналасқан.

Жиын барысында аталған жобаларды іске қосуға байланысты негізгі мәселелер қарастырылды. Аймақ басшысы ««Сарыарқа» ӘКК» Ұлттық компаниясының басшылығы мен индустриалды-инновациялық даму және өнеркәсіп басқармасының басшылығына бірқатар тапсырмалар берді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика