Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Астана Индустриалды паркінің жұмыс істейтін кәсіпорындары (ФОТОЕСЕП)

Бүгінгі таңда Астана Индустриалды паркінің аймағында, яғни «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында 21 кәсіпорын жұмыс істейді.
Астана қаласы23 Қаңтар , 11:03

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ локомотив жинайтын зауыт (Қазақстан-Ресей)

«АБК «Мақсат» ЖШС темір бетон бұйымдарды дайындайтын зауыт 

«Кровля -НС» ЖШС «сэндвич»-панель шығаратын зауыт 

«Темiр Сервис Астана» ЖШС теміржол жолдарының құрылысы бойынша инфрақұрылымдық жобасы

«АстанаАгор сервистік-дайындау орталығы» көкөніс сақтау «А» ЖШС

«Тұлпар-Тальго» ЖШС жолаушылар вагонын шығаратын зауыт (Қазақстан-Испания)

 

«Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС қазіргі заманғы электровоз шығаратын зауыт (Қазақстан-Франция-Ресей)

«Астана Полимер» ЖШС полиэтилен және алдын-ала оқшауланған өнімдерді өндіру зауыты 

«Іскер-ЖҚ» ЖШС құрылыс материалдарын шығаратын зауыт 

«Тау Кен Алтын» ЖШС Аффинаж зауыты 

«КСС Астана» ЖШС  өндірістік шыны өңдейтін  зауыт 

«Стеклянный Дом» ЖШС шыныдан жасалатын бұйымдарды дайындау және монтаждау зауыты 

«Астанаөндіріс» ЖШС өндірістік-технологиялық кешен 

«ComInvestGroup» ЖШС қабырға панелін өндіру зауыты 

«Спецэлектра» ЖШС трансформаторлық қосалқы станциялар өндіру зауыты 

 

«Казглавпродукт» ЖШС көліктік-логистикалық орталық 

 «Астана – жаңа қала» АЭА аумағына кіретін Индустриялды парк аумағы 598 гектарды құрайды.  «Астана – жаңа қала» АЭА 2001 жылы құрылған. Ондағы басты мақсат елорданың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығын құру мен Индустриялды аймақта жаңа өндірістер ашу.Оның салынуымен мемлекет үшін де, әлеуетті инвесторлар үшін де оң экономикалық әсер қамтамасыз етілді.

2010 жылдан бері Индустриялды паркте жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар 328,1 млрд теңгенің өнімін өндірсе, соның ішінде 119,3 млрд теңгесі 2014 жылға тиесілі. Сонымен қатар, тауар экспорты 9,1 млрд теңгені құрады. Ал 2014 жылғы көрсеткіш 4,2 млрд теңге.2015 жылы Индустриялды парк аумағында 6 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде. Толықтай жобалық қуаттылыққа шыққаннан кейін шамамен 1500 жаңа жұмыс орны ашылмақ», - дейді.

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика