Мәдениетті жаңғырту

БҚО әкімі соғыс және тыл ардагерлерін мерейтоймен құттықтады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев соғыс және тыл ардагері Қалам Сүйінәлиевті қабылдады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Батыс Қазақстан23 Қаңтар , 10:33

«Ардагер биыл 90-ға толып отыр. Әкім оны мерейтойымен құттықтап, ұзақ ғұмыр мен денсаулық тіледі. Ардагерде де өз кезегінде әкімге алғысын айтып жатты», - делінген хабарламада.

Ішкі саясат басқармасымының хабарлауынша, соңғы кездері Қалам Сүйіншәлиев облыстық партия комитеті бірінші хатшысының көмекшісі болып қызмет еткен. Одан кейін А.С.Пушкин атындағы пединститутта дәріс берсе, артынша құрметті демалысқа шыққанға дейін М.Өтемісұлы атындағы мемлекеттік университетте оқытушы болған.

Бертінге дейін қоғамдық жұмыстарға арласып, ардагерлер қауымдастығы төрағасы және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі де болды.

Хабарламада айтылғандай, осы еңбектері үшін бірнеше рет орден-медальдермен марапатталған. Оның ұрпақ тәрбиесі  мен ағарту саласындағы ерен еңбегін кейінгі ұрпақ ұмытпақ емес.




Яндекс.Метрика