Урбанизация және өңірлер дамуы

БҚО-да сыйымдылығы 2600 тонна көкөніс сақтау қоймасы салынды

БҚО-ның Юбилейное ауылында «Балакирев» шаруа қожалығы сыйымдылығы 2600 тонна картоп сақтау қоймасын салды.
Батыс Қазақстан23 Қаңтар , 10:18

Ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, жобаның жалпы құны 100 млн теңге. Нысан кәсіпкердің өз қаражатына салынды. Алайда, мемлекет ағымдағы жылы  жобаның 30% субсидиялау керек.

«Голландиялық құрал-жабдық картоптың ұзақ сақталуына септігін тигізеді. Қойма үш камерадан тұрады. Біріншісі желдеткіш, екіншісі мұздатқыш және үшіншісі компьютерлік жүйе - ол нысанның ішіндегі қалыпты ауа-температурасын сақтап қалуын қадағалайды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бүгінде шаруа қожалығының иелігінде 600 га жер бар, оның 160 га картоп, қалғанына бидай егіледі. Картоп алқабының бойында заманауи американдық жаңбыршы құралы  орнатылған.  Кәсіпкер болашақта картоп алаңын ұлғайтып, тағы бір жаңбыршы құралын сатып алмақшы.

Бұдан басқа, аталып өткендей, картопты қайта өңдеу жұмыстарын бастау көзделуде: жуу, кептіру, сұрыптау. Егін егу маусымына 600 тонна картоп тұқымы сақталып қойылған, жалпы шаруашылық бұл маусымға алдын ала дайындалған екен.

Қазіргі таңда мұнда 10 ауыл тұрғыны жұмыс істейді, ал маусым кезінде жұмысшылардың саны едәуір артады. 




Яндекс.Метрика