Халықаралық интеграция

Астанада Қазақстан мен ЕО қатынастарының даму болашағы талқыланды

Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов латвиялық саясаткер, Еуропалық Парламент депутаты, Орталық Азия және Моңғолия елдерімен ынтымақтастық бойынша делегация төрағасы Ивета Григулемен кездесті.
Астана қаласы 23 Қаңтар, 09:33

Министр Қазақстан мен ЕО арасында түрлі деңгейлердегі, соның ішінде екі ел парламентарийлері арасындағы сәтті ынтмақтастығына қанағат білдірді. ҚР-ЕО парламенттік ынтымақтастық комитетінің отырыстары ықпалдастықтың қол жеткен жетістіктері мен ерекше назар талап ететін мәселелерін талқылау үшін маңызды пікір алмасу алаңына айналғанын атап өтті.

Басым мәселелер қатарында Е. Ыдырысов ғылым және технологиялар саласында секторлық келісімшарттарды жасасу, қазақстандықтар үшін визалық тәртіпті жеңілдету мәселелерін атап өтті. Қазақстан 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін еліміздің ең белсенді инвесторлар қатарына кіретін он елдің азаматтары үшін визалық тәртіпті жойды. Соның ішіне ЕО-ның 5 ірі экономикалары – ГФР, Италия, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция елдері жатады.

Тараптар Қазақстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге экономикалық, туристтік және транзиттік әлеуеттің бар екенін атап өтті.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика