Өңірлік және халықаралық ықпалдастық

К.Мәсімов Давоста ірі шетел компаниялары мен қаржы институттарының жетекшілерімен кездесті

Давоста ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бірқатар ірі компаниялар мен қаржы институттарының жетекшілерімен кездесті, шара барысында Астанада өтетін ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі аясындағы Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылды.
Әлемде23 Қаңтар , 08:34

Сондай-ақ, Премьер-Министр Швейцария Конфедерациясының экономика, білім беру және зерттеу министрі Йоханн Шнайдер-Амманнмен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында К.Мәсімов пен Й.Шнайдер-Амманн Қазақстан-Швейцария сауда-экономикалық ынтымақтастығының жағдайы мен әлеуетін талқылады. Оның ішінде елдер арасындағы бизнес-байланыстың нығаюы мен  сауда айналымы да бар. Сондай-ақ, әңгімелесушілер Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына ену мәселелерін қарастырды.

Айта кетейік, К.Мәсімов жұмыс сапарымен Швейцарияда Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуда. 




Яндекс.Метрика