Парламент

Сенат төрағасы ЮНЭЙДС ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы өңірлік директорын қабылдады

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЭЙДС ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы өңірлік директоры Винея Салданды қабылдады, деп Сенаттан хабарлады.
Астана қаласы 23 Қаңтар, 09:02

Қ. Тоқаев қонақты қарсы алу барысында В.Салданның аталмыш лауазымды қызметке келуі аймақтағы ЮНЭЙДС-тың жандандыра түседі деп сенім білдірді. Сенат спикерінің пайымынша, 11 ұйымның жұмысын үйлестіретін БҰҰ ИТВ-ЖИТС ауруының таралуына қарсы күресте үлкен жетістіктерге жетті.

Хабарланғандай, В.Салдан Қазақстандағы аталмыш ауыр дертпен жүргізіліп жатқан күресті жоғары бағалады. «Біз Қазақстан 2020 жылға қарай ТМД мен Орталық Азияда ИТВ-ЖИТС ауруының таралуына қарсы күресте бірінші орында болады деген ойдамыз», - деп ағынан жарылды ЮНЭЙДС ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы өңірлік директоры.

Сонымен қатар, ол, ұйымның жоспарында Алматыдағы мемлекеттік кеңсені алдағы уақытта орталық-азиялық  ресурстық орталық деңгейіне көтеру бар, екенінде жасырмады.

Бұдан басқа, Сенат спикері қонақты еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдаймен, Парламенттің заңнамалық қызметімен таныстырды. 





Яндекс.Метрика