Қазақ хандығына 550 жыл

Сенатор Қазақ хандығының 550 жылдығына монумент орнатып, музей ашуды ұсынды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Түркістанда халықарылық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастыруды және Қазақ хандығы монументін орнатып, музей ашуды ұсынды.
Астана қаласы22 Қаңтар , 17:21

«Биылғы жыл біздің ел үшін үлкен мерекеге толы жыл болып отыр. Соның бірі Қазақ хандығының аталып өтілуі. Негізгі шара Жамбыл облысында өтеді деп күтілуде. Қазақ хандығының елордасы Түркістан қаласы болғаны анық. Онда хандар мен билер мекен еткен. Көптеген маңызды тарихи шаралардың ордасы да осы қала еді. Қазақ хандығының 550 жылдығын осы қалада атап өтудің бір себебі осы», - деп түсіндірді Қ.Айтаханов.

Депутаттың айтуынша, Түркістан қаласында қазақтың 21 ханы мен өзге де тұлғалар жерленген. Осы орайда қалада Қазақ хандығы музейін ашу өткен тарихқа берген өзіндік баға болар еді.

«Әзірет сұлтан мазары жанында хандардың әскери бекеті ретінде пайдаланылған ғимарат әлі күнге дейін сақталған. Қазақ хандығының куәсі болған осы сынды ғимараттарды қалпына келтіру уақыт күттірмейтін мәселе», - дейді.

Оның сөзіне сүйенсек, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Түркістанда халықарылық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырып, Қазақ хандығы монументін орнату және музей ашу керек.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика