Халықаралық интеграция

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Давоста бірқатар екі жақты кездесулер өткізді

Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бірқатар екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сапары.
Әлемде22 Қаңтар , 17:03

«Кәрім Мәсімовтің Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) Президенті Клаус Швабпен кездесуінде қазір Давоста өтіп жатқан форумның күн тәртібі және Қазақстан мен ДЭФ арасындағы ынтымақтастықты кеңіту мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.   

К.Мәсімов Қазақстанның экономиканы әртараптандыру саласындағы үдемелі дамуын тереңдету, сондай-ақ «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» рейтингісінде өз позицияларын жақсарту бойынша Қазақстанның ниеттерін атап өтті.

Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов БҰҰ Бас Ассамблеясының экс-Төрағасы Вук Еремичпен кездесу өткізді. Тараптар әлем экономикасында қалыптасқан жағдайды, пайда болған тәуекелдер мен олардан аралу мүмкіндіктерін талқылады. 

Қазақстанда «Magnesita» компаниясының қызметін дамыту мәселелері Кәрім Мәсімовтің компанияның вице-президенті Зелбер Деттонье до Насиментомен әңгімесі барысында қаралды.

 

 

 




Яндекс.Метрика