Ұлтаралық бірлік

ШҚО-ның Достық үйі ұлтаралық келісімді нығайту шараларын өткізді

ШҚО Шемонаихинский ауданы Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы – өзара келісім арқылы көркею жолы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Шығыс Қазақстан22 Қаңтар , 19:34

«Қазақстан халқы Ассамблеясының жылында ұлтаралық келісімді және әлеуметтік тұрақтылықты одан әрі нығайту мақсатында өз жұмысын атқаруда ауқымды іс-шаралар белгіленген, бейбітшілік пен бірлікке шақырған жиындар қолға алына бастады», - делінген мәлімдемеде.

Поляк этномәдени бірлестігі жетекшісі В.Цыкунова 2014 жылғы атқарылған жұмыстар мен алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Кездесу барысында ол мерейтойларын белгілеу үшін барлық іс-шаралар, соның ішінде қоғамдағы тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған шараларды өзара байыту және әлеуметтік ынтымағымыз бен бірлігіміздің қазақстандық үлгісін, бейбітшілік пен өзара келісім мәдениетінің барлық жетістіктерін көрсетуі тиіс екенін атап өтті.

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 20-жылдығын атап өтуде. Ассамблея жылының басты мақсаты «Қазақстан-2050» Стратегиясы, 2020 жылға дейінгі Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасы мақсаттарына қол жеткізу мен қоғамда бейібітшіліктің салтанат құруына жол ашу болып табылады.




Яндекс.Метрика