Адамзаттық капитал

2014 жылы Астана қаласына келгендер саны 1,5 пайызға көбейді

Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша 2014 жылғы қаңтар-қарашада елордаға 44826 адам келіп, 27738 адам кетті, деп хабарлады Астана қаласының статистика департаменті хабарлады.
Астана қаласы22 Қаңтар , 19:04

Астана қаласының аудандары бойынша: «Алматы» - келгендер 17082 адам және кеткендер 16507 адам (көші-қон айырымы +575 адам), «Есіл» - келгендер 12640 адам және кеткендер 2812 адам (көші-қон айырымы +9828 адам), «Сарыарқа» - келгендер 15104 адам және кеткендер 8419 адам (көші-қон айырымы +6685 адам). Көші-қонның жағымды айырымы, негізінен ішкі көші-қон есебінен (+16679 адам) қалыптасты. Сыртқы көші-қон бойынша да жағымды  айырым (+409 адам) байқалады.

2014 жылғы қаңтар-қарашада 2013 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда Астана қаласына келгендер саны 1,5%-ға  көбейіп, кеткендер саны 0,1%-ға артты.

Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан: 2014 жылдың қаңтар-қарашасында келгендер 31611 адамды, кеткендер 14932 адамды құрайды.

Елорданың көші-қон өсімінде келгендердің үлес салмағы Ақмола - 20,2%, Оңтүстік Қазақстан - 13,6%, Қарағанды облысынан - 9,8% , Алматы қ. - 9,3%,  Шығыс Қазақстан - 8,3% және басқа облыстардан  38,8%-ды құрады.

Астана қаласының мына ТМД елдерімен көші-қон айырымы оң мәнді: Өзбекстан (+318 адам), Қырғыз Республикасы (+60 адам), Түрікменстан (+7 адам), Армения (+7 адам), Тәжікстан (+7 адам), Украина (+6 адам) және Әзірбайжан (+5 адам).

15 жастан асқан қоғамдық санаты бойынша келгендер: жалдамалы жұмысшылар 14481 адам, жұмыс берушілер 833 адам, өз есебінен жұмыс жасайтындар 1918 адам, жұмыссыздар 2911 адам және басқалары (зейнеткерлер, студенттер, оқушылар, үй шаруасындағы әйелдер және т.б.) 12775 адам.15 жастан асқан білім деңгейі бойынша келгендер (жоғары 52,6%, аяқталмаған жоғары 8,1%, арнаулы орта 21,5%, жалпы орта 11,8%, толық емес орта 4,5% және білімін көрсетпегендер 1,5%).

 

 

 




Яндекс.Метрика