Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Ақтөбе облысындағы Индустриалды аймақтың аумағында 15 өндірістік нысан орналастырылады

Ақмола облысындағы Индустриалды аймақтың аумағында 15 өндірістік нысан орналастырылады, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе22 Қаңтар , 18:47

2015 жылдың 1 жарты жылдығында Хромтау қаласында бизнес-инкубатор ашу жоспарланған. «Бизнес-инкубаторды орналастыру үшін жергілікті бюджеттен әкімшілік ғимарат алынды, оның жалпы көлемі 3000 шаршы метр. Аталмыш БИ алаңының 70%-дан астам бөлігін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге беру  көзделуде», - делінген хабарламада.

Хабарланғандай, бұдан басқа, аудан орталықтары мен Эмба, Жем мен Темір сынды шағын қалаларда 14 кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы ашылды. Бір жыл ішінде кәсіпкерлерге 6503 кеңес беру қызметі көрсетілді. Қызмет  2 974 адамға көрсетілді, оның ішінде 1 277-і кәсіпкер.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын орналастыру үшін бизнеске қолдау көрсету мақсатында инфрақұрылымдарды дамыту үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен көлемі  1000 шаршы метрден астам алаң сатып алынды.

Сонымен қатар, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін барлық жағдай жасалуда.




Дерекнама

Яндекс.Метрика