Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Италия қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге қол қойды

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев пен Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарға қол қойды.
Астана қаласы22 Қаңтар , 16:03

«Шарттар күшіне енген соң екі елде де өзара құқықтық көмек көрсету, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқықтық негіздер пайда болады», - деді А. Дауылбаев.

Сонымен қатар, А. Дауылбаев осы маңызды оқиғаның Еуропалық қауымдастықпен құқықтық қатынастың үдемелі дамуының және Қазақстанның құқықтық жүйесіне сенімнің көрінісі екенін айтып өтті. Италия қылмыстық-құқықтық саладағы мемлекетаралық шарттардың толық жинағын жасасқан алғашқы еуропалық елдердің бірі болып табылады. 2013 жылдың қарашасында екі ел арасында сотталған адамдарды тапсыру туралы келісімге қол қойылды және Қазақстан оны өткен жылдың күзінде ратификациялады.

Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян сендіргендей, құқытық сала екі ел арасындағы қарым қатынастың маңызды секторы болып табылады.

«Еуропа Одағы мен Қазақстанның қарым қатынасын жақсартпақшы ниеттеміз», - деп атап өтті С.Раваньян

Сонымен қатар, тараптар шарттарға қол қою қылмысқа қарсы күрес саласындағы әріптестікті нығайтуды, аталған бағыттағы қадағалау және құқық қорғау органдары жұмыстарының тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика